Әкім бол, халқыңа жақын бол

Қысқаша

Әкім – халыққа жақын болу керек. Қазақ халқында: «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бекерге айтылмаса керек.

228.jpgӘкім – халыққа жақын болу керек. Қазақ халқында: «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бекерге айтылмаса керек. 

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Келес ауданының әкімі, Сарыағаш аудандық мәслихаттың хатшысы, Келес аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Сарыағаш ауданы прокуратурасының өкілі, мәслихат депутаттары, аудандағы басқарма, мекеме, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері, олардың орынбасарлары мен жауапты мамандары, құқық қорғау органдары басшылары мен қызметкерлері, ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылары, ауданның жеке және заңды тұлғалары, салық төлеушілер мен дара кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысуымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Аудан әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен өткен жиында Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың I - жарты жылдығы қызметінің қорытындылары мен II- жартыжылға салық салу базасын ұлғайту бойынша міндеттері және аудандағы әлеуметтік нысандардың (мектеп, бала-бақша, т.б) және коммерциялық нысандардың, тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтардың статистика басқармасына тіркелуі туралы талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалуын қатаң бақылауға алуын тапсырды. 

Сонымен қатар, бұған дейін аудан әкімі бекітілген кестеге сәйкес, ауданның тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауын жүргізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрғындар ағын су, коммуналдық үйден пәтер беру, көп қабатты тұрғын үйлердің жанынан құрылған тұрғын үй кооперативінің жұмысын жетілдіру және электр жарығы мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді. Қойылған өтініштер бойынша аудан әкімі Қ.Абдуалиев жауап беріп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді және салалық бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне тұрғындардың өтініштері бойынша ұсыныстар енгізуді және тұрақты түрде түсіндіру шараларын атқару керектігіне тапсырмалар берді.