Аудан орталығы күл-қоқыстан тазартылды

Қысқаша

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында туған жер тақырыбына кеңірек тоқталған. Мемлекет басшысы мұнда туған жерге әрбір адам жанашырлық таныту керектігін айтқан болатын.

209.jpgЕлбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында туған жер тақырыбына кеңірек тоқталған. Мемлекет басшысы мұнда туған жерге әрбір адам жанашырлық таныту керектігін айтқан болатын.

Осыған орай, жақында Мақтааралда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен басталған сенбілік жалғасын тапты. Аудандағы әрбір үйге хабарлама беру мен үгіт-насихаттың арқасында барынша ауқымы кеңейген сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты. Сенбілік барысында аудан тұрғындары төңіректі күл-қоқыстан тазартты.

Өңір басшысы Б.Асанов тазалық жұмысының барысымен танысу үшін аудан орталығын арнайы аралап көрді. Кенттегі С.Қожанов көшесіндегі бордюрлердің топырағын тегістеу жұмысына қатысып, жұмысшыларға қолғабыс жасады. Сондай-ақ, сенбілік барысында орталық көшелердегі тозған билбордтарды дереу жаңартып, кәсіпкерлер тарапынан бейресми ілінген жарнамалық баннерлерді алып тастау үшін кент әкімдігіне тапсырма берді. 

– Мырзакент кенті әу баста үлкен архитектуралық жоспармен салынған. Орталық көшелердегі бордюрлерге алдағы уақытта гүлдер егіліп, жайқалып тұратын болады. Ол үшін Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында гүл көшетін өсіретін кәсіпкерлермен келісім жасалу үстінде, - деді Бақыт Нәсірханұлы. 

Аудан әкімі Достық каналының оң жағалауындағы кәсіпкерлік нысандардың тазалығымен де танысты. Санитарлық жағдайы сын көтермейтін кейбір нысанның басшыларына ескерту жасап, аудан орталығы болған кентте әрбір мекеме таза тұруы керектігін түсіндірді.  

Бүгінде жаңадан құрылған Мақтаарал ауданы әкімдігі екінші рет жапппай сенбілікті ұйымдастырып отыр. Мемлекеттік қызметкерлерден бастап, білім, спорт, денсаулық сақтау мекемелерінің, жекеменшік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысқан тазалық шарасында көптеген жол жиектері қоқыстан тазаланды.