Дәрігерлерге дін саласына қатысты жайттар түсіндірілді

Қысқаша

Бауыр еті баласы шалт басқан кезде ата-ана қандай қиын жағдай болмасын, белін буып, жанын салып аман алып қалуға адал жолға түсіру үшін жанталасады. Ең дұрысы – баланың адал жолдан адаспауы.

50.jpgБауыр еті баласы шалт басқан кезде ата-ана қандай қиын жағдай болмасын, белін буып, жанын салып аман алып қалуға адал жолға түсіру үшін жанталасады. Ең дұрысы – баланың адал жолдан адаспауы.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Сарыағаш ауданы бөлімінің маманы Бағлан Омаров бастап, түрлі сала өкілдері Бірлік ауылдық округінде Бірлік ауылдық емханасы мен ауыруханасының дәрігерлерімен, барша қызметкерлерімен кездесті. Әңгіме теріс діни жолды таңдап, шоқ басып қалған жастар үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы болды. Әрине, сол жауапкершілікке дейін ата-баба салтын тәрк етіп, теріс діни жолды таңдағандардың қате кеткен тұстары туралы жан-жақты талданған әңгіме, пікірталас болды. Кездесуде қылмыстық кодекстің дін саласына қатысы бар 174, 256-шы баптары түсіндірілді. Ол қандай жағдайда қолданылатыны айтылды. Өсіріп отырған ұл-қыздарының ғаламтор беттеріндегі іс-әрекеттеріне ата-аналық бақылауды күшейту керек екендігі айтылды. Теолог маман дәрігер, әрі ата-аналарды қызықтырған мәселелерге түсініктеме берді.