Облыста өндіріс орындарының саны көбейіп келеді

Қысқаша

Ел экономикасын көтеру үшін зауыт, фабрикаларды көптеп ашу маңызды. Өндіріс орындары ашылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, сыртта экспортталатын тауар көлемі артады. Сырттан қаржы келгенде ғана экономика дамиды.

42.jpgЕл экономикасын көтеру үшін зауыт, фабрикаларды көптеп ашу маңызды. Өндіріс орындары ашылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, сыртта экспортталатын тауар көлемі артады. Сырттан қаржы келгенде ғана экономика дамиды.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат (ПЭТ) қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауытымен танысты. Осы жылдың күз айында толық қуаттылығымен іске қосылатын өндіріс орнының құрылыс жұмысына қаныққан аймақ басшысы мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулардың тиісті деңгейде атқарылуын тапсырды. Бұдан бөлек, Ж.Түймебаев жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарға жаңа цифрлық технологиямен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізу қазіргі заманның қажеттілігі екенін айтып өтті. Инвестициялық құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндірмек. Бұл жоба Қазақстанның жасанды талшықтарға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады деп күтілуде. Аталған жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 200-250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Жасанды талшық - бұл өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылатын әмбебап материал. ПЭТ-ті қайта өңдеу Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға әсер етеді.