Түркістан облысында шекаралар қайта қаралды

Қысқаша

Қазақстан – күннен-күнге өсіп-өркендеп келе жатқан дамушы мемлекет. Өңірлерде халық саны өсіп, экономикалық өсім байқалуда. Осыған орай, халық саны нормадан асқан облыс, қалаларды бөлу – заман талабы. Жақында Елбасы Жарлығына сәйкес, бұрынғы Оңтүстік Қаза

34.jpgҚазақстан – күннен-күнге өсіп-өркендеп келе жатқан дамушы мемлекет. Өңірлерде халық саны өсіп, экономикалық өсім байқалуда. Осыған орай, халық саны нормадан асқан облыс, қалаларды бөлу – заман талабы. Жақында Елбасы Жарлығына сәйкес, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысты. Нәтижесінде, жаңа облыс орталығында қызу жұмыстар басталды. Енді Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.Мұндай шешім бүгін Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды. Мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауына ие болған күн тәртібіндегі бірінші мәселе жайлы ойын білдірген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша облыс жұртшылығын қос шаһардың дамып, өркендеуіне бір кісідей атсалысуға шақырды.

– Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына орай, Кентау қаласының шекарасы өзгеретін болды. Мұндай шешім екі қаланың тиісті деңгейде дамуы үшін жасалып, барлық мемлекеттік органдармен мақұлданды. Сонымен бірге, халық қалаулыларының келісімі нәтижесінде қабылданып отыр. Сондықтан, облыс тұрғындарын Түркістан қаласы мен кеңейген Кентауды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамын, - деді Ж.Түймебаев.