Отырар - туризм орталығына айналмақ

Қысқаша

Жалғыз туризм саласы арқылы-ақ байып отырған мемлекеттер аз емес. Мінекейіңіз, туризм саласын Қазақстанда да дамытуға болады. Себебі, Отырар ауданы – туризмге сұранып-ақ тұр. Тарихтан сыр шертетін жәдігерлерінің өзі талайларды тамсандырары анық. Отырары а

12.jpgЖалғыз туризм саласы арқылы-ақ байып отырған мемлекеттер аз емес. Мінекейіңіз, туризм саласын Қазақстанда да дамытуға болады. Себебі, Отырар ауданы – туризмге сұранып-ақ тұр. Тарихтан сыр шертетін жәдігерлерінің өзі талайларды тамсандырары анық. Отырары араласаңыз, ежелгі Троя өлкесі көз алдыңызға келеді.

Жақында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. 

– Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, соның айналасындағы ауылдар оған қызмет жасаған. Мысалы, «Алтынтөбе» деген жерде осы шаһарға қажетті тиындарды, ақшаларды, әйелдерге әшекей бұйымдарын басқан. Одан кейін «Жаман төбе» деген жерде малды сойып етін жіберіп отырған. «Шақты төбе» дейді. Онда пышақтарды қайраған. Яғни, агломерация сол кезде болған. Қазір көне қалашықты дамытуға облыс қазынасынан қаржы бөлініп жатыр. Себебі, мұнда келетін туристерге тиісті жағдай жасалу керек. Негізінен, бұл аймақ келешекте ашық аспан астындағы музей іспеттес келбетке ие болуы керек, - деді Ж.Түймебаев.

Бүгінгі күні Отырар ауданында ежелгі қаланы көруге жылына 100 мыңға жуық турист келеді. Туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында аудандық бюджет есебінен «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығы аралығындағы 1,7 шақырым аралықты абаттандыру жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды.