Біркөлік шатқалындағы тауға шыққан екі турист құтқарылды

Қысқаша

Тыңдаушылар оқудан бір күнде өте алады және сертификат беріледі. Ақпараттық сауаттылықты қаладағы оқу орындарында (мектеп пен колледж), халықты жұмыспен қамту орталығында, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және т.б. Курс 3 тамызға дейін созылады.

1533014178104789.jpg

Жобаға 19 алаң мен 30-ға жуық оқытушы тартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде курстан 9 мыңнан астам тыңдаушы өтті. Ақпараттық сауаттылықтан кез келген адам өте алады, жасына шектеу жоқ.

«Мен ЭЦҚ не екенін және үйде отырып коммуналдық қызметті қалай төлеу керектігін, түрлі анықтаманы көріп, қалай шығарып алуды білмейтінмін. Енді осының бәрін үйден шықпай-ақ істей аламын, басқаларға да осы курстан өтуге кеңес беремін, өте пайдалы», ­- деді зейнеткер Нағима Оразбекова.

Дәріс жаңадан үйренушілерге де, желіні үздік пайдаланушыларға да өте пайдалы. Оқу бағдарламасы төрт бағытта өткізіледі: базалық цифрлық машық, электронды мемлекеттік қызмет көрсету, ашық үкімет, электронды сауда. Тыңдаушылардың ақпараттық білімін арттыруда компьютер мен мобильді құрылғылар пайдаланылады.

«Негізінен бізге көбіне зейнеткерлер келеді, олардың білуге деген ынтасы зор, көздері жанып тұр. Оларға әлеуметтік желі де қызықты. Курс басталғалы бізге 400-дей адам келді», - дейді № 76 мектеп-лицейдің информатика оқытушысы Ғалия Құлшиманова.

Тыңдаушылар оқудан бір күнде өте алады және сертификат беріледі. Ақпараттық сауаттылықты қаладағы оқу орындарында (мектеп пен колледж), халықты жұмыспен қамту орталығында, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және т.б. Курс 3 тамызға дейін созылады.