Дінде сөздің мағынасын түсіну маңызды

Қысқаша

Адамдарды адастыратын жағдай – ол мәселенің, сөздің мағынасын түсінбей, тек сыртқы түріне ғана назар аудару. Сақал қойып, балақты қысқартқаннан сен иманды, дін жолына берік бола қалмайсың. Маңыздысы – дін терминдерінің айтқысы келген мағынасына үңілу, сон

1.jpgАдамдарды адастыратын жағдай – ол мәселенің, сөздің мағынасын түсінбей, тек сыртқы түріне ғана назар аудару. Сақал қойып, балақты қысқартқаннан сен иманды, дін жолына берік бола қалмайсың. Маңыздысы – дін терминдерінің айтқысы келген мағынасына үңілу, соны терең түсіну.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Мақтараал удандық бөлімінің маманы Бағдат Шаймерденнің ұйымдастыруымен аудандық орталығындағы "Нұғман" мешітінде жамағатпен кездесу болып өтті. Кездесу кезінде «Такфир ұғымының Ислам дінімен байланысы бар ма?" деген тақырып төңірегінде әңгіме болды. Теолог маман  Ислам дінінің сәләм, бейбітшілік дегенді білдіретінін, тыныштық діні екендігінен сөз бастап, теріс ағымды бағыт ретінде ұстанған жандардың, олар айналасына топтастырғандардың ақиқатты түсінудегі адасушылығы мен қате басқан қадамдарын айқындап берді. Түрлі ағымды алып келгендердің ата-баба дәстүрінен алыстап кеткенін, ол дәстүрді біздің бабаларымыз ғасырлар бойы жақсы дүние ретінде қалыптастырғанын айтты. 

Кездесу соңында теолог маман қойылған сұрақтарға  жауап берді. Мешітке келуші жамағатқа "Дін және қазіргі заман" кітапшасы таратылды.