Мешіт аумағында рейдтік іс-шара жүргізілді

Қысқаша

Шымкенттегі Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы ерекше рейд ұйымдастырылды.

Шымкенттегі Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы ерекше рейд ұйымдастырылды. Осындағы мешіттерде, базарларда, дүкендерде, сауда қатарлары мен автобекеттерде тиым салынған діни әдебиеттер сатуға, музыкалық әуендер қойылуына тосқауыл қою мақсатында жергілікті полиция, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандары мен қалалық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы" талаптарын түсіндіру, сонымен қатар мешіт аумағында жұма намаз уақытында қайыршылықпен айналысатын тұлғалар мен жасөспірімдердің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыруды - «тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деп атап көрсетті.  Дін  де, дәстүр де қоғам да тыныштық пен татулықтың,  бірлік-ынтымақ пен сыйластықтың салтанат құруына қызмет етеді. Қазақы санадағы «ұят», «обал», «сауап», «құт», «кие», «аманат», «ынсап» секілді іргелі ұғымдар ұлттық тәрбиемізде алтын тіндей үзілмей, ғасырлар бойында жалғасып келеді. Осы жолдан адаспауымыз керектігі қарастырылды.image_1920x_5b33132c782a4.jpg