Ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша 30-дан астам жоба жасалып жатыр

Қысқаша

Қазақ-герман ғалымдары мен компанияларының арасындағы аграрлық сала мәселелері бойынша қарым-қатынасты дамыту және осы бағыттағы соңғы жаңалықтар туралы хабардар етуді мақсат еткен форумда вице-министр, бүгінде «электронды агроөнеркәсіп кешені» атты бағда

Бүгін Астанада өткен «Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы» жобасының қолдауымен герман-қазақ «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» форумында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мысалы, бізде бір жоба бар. Оған сәйкес, метеостансиялар орнатылады да, арнайы метеорологиялық қызмет енгізіледі. Соның арқасында фермерлер алдын ала жоспар жасап, дала жұмыстарын уақытында атқара алады. Жаңа қызметте ауа температурасы мен ылғалдылығы, желдің жылдамдығы, алдағы екі-үш аптаның болжамы - бәрі-бәрі болады. Сонда шаруалар жерді өңдеу, вегетация жасау және тағы басқа маңызды шараларды алдын ала жоспарлай алады. Әрине, ондайда егістіктің өнімділігі де артады. Былайша, айтқанда аталған бастама «агроном планшетіне» айналады», - деді Арман Евниев.

Қазақ-герман ғалымдары мен компанияларының арасындағы аграрлық сала мәселелері бойынша қарым-қатынасты дамыту және осы бағыттағы соңғы жаңалықтар туралы хабардар етуді мақсат еткен форумда вице-министр, бүгінде «электронды агроөнеркәсіп кешені» атты бағдарлама құрылып жатқанын айтты.

"Соның аясында ауыл шарушылығын цифрландыру шаралары атқарылады. Біздің жоспарымызға сәйкес, 2021 жылға дейін жаңа технологияларды қолданатын фермерлердің саны 20 процентке жетеді. Енді, бұл - алдын ала жоспар. Қазіргі кезде 30-дан астам жоба бар. Соның барлығын іске асыру жоспары мен мерзімі бекітілді», - дейді Арман Евниев.