Отандық дәрі-дәрмек үлесін 50 пайызға жеткізу үшін 7 жоба қарастырылып жатыр

Қысқаша

өндіруді жергіліктендіруге бағытталған.

image.png

Елімізде отандық дәрі-дәрмек үлесін арттыру үшін 7 ірі жоба қарастырылып жатыр деп жазады ҚазАқпарат. 

– Бізге Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін фармнарықта отандық тауардың үлесін 50 пайызға жеткізу тапсырмасын жүктеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 пайызды құрады. Министрлік жұмыс жүргізіп, инвестиция тартумен айналысатын жобалық кеңсе ашылды. Соның арқасында 7 жоба келіп түсті. Біз басқа мемлекеттік органдармен бірге оларды қарап жатырмыз. Бұл 7 жобаны жүзеге асыру үшін 700 млн доллардай инвестиция керек, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ОКҚ алаңында. 

Спикердің айтуынша, бұл жобалардың бәрі дәрілік заттарды өндіруді жергіліктендіруге бағытталған.

— Оларды іріктеу барысында, бірінші кезекте, жергілікті экономикамен қаншалықты кіріктірілгеніне мән береміз. Қазақстандық шикізат мөлшері көп болуы, бағаның қалыптасуы, жұмыс орындарының саны, сондай-ақ осы жобаның жүзеге асуы арқылы қаншалықты елімізде дәрі-дәрмек қауіпсіздігі қамтамасыз етілетініне мән береміз, - деді вице-министр.