Жанармай бағасының өсуінен алынған үстеме пайда мұнай компанияларында толығымен қалмайды. Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.
- Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 43-н/қ бұйрығына сәйкес, жанармай бағасын мемлекеттік реттеу жойылды. Яғни, жанармай бағасы нарықтық жағдайларға байланысты болады және бұрыннан бар шектеулер енді қолданылмайды. Ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдерінің құны төмен болғандықтан, мұнай өндіруші компаниялар кірісті арттыру үшін бағаны көтере алады. Алайда, егер олар артық пайда тапса, онда бұл кірістің бір бөлігін мемлекеттік бюджетке жіберу ұсынылады, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрлігі агенттіктің ресми сауалына орай.
Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулыға өзгерістер жобасын әзірлеген. Жоба бензинге (авиациядан басқа) және дизель жанармайына қосымша акциздің мөлшерлемесін анықтайды. Бұл жанармай өндірушілер мен сатушылардың артық пайдасының 80 пайызын құрайды. Ол супермаржаның 80 пайызы акциз түрінде алынып, бюджетке жіберілетінін білдіреді.
- Бағаның өсуінен алынған үстеме пайда мұнай компанияларында толығымен қалмайды, бірақ ішінара мемлекет пайдасына қайта бөлінеді. Маңыздысы, қосымша акциз тек бағалар көтерілген жағдайда ғана алынады. Қосымша акциз бағаның өсуіне әкелмейді. Бірақ үстеме пайданың бір бөлігін бюджетке қайта бөлу құралы болады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл тәсіл инфрақұрылымды немесе әлеуметтік бағдарламаларды дамыту үшін пайдалы салаларға салынатын салықтарды пайдалануға болатындығымен негізделген. Қаулы жобасы түпкілікті емес, өйткені қоғамдық талқылау жүріп жатыр, - деп түсіндіреді ведомстводан.