Майра Мұхамедқызы: Шымкент басшылығының мәдениетке деген көзқарастары өте жоғары

Қысқаша

Майра Мұхамедқызы: Шымкент басшылығының мәдениетке деген көзқарастары өте жоғары

Screenshot_10.jpg

Жуырда Шымкент қалалық опера және балет театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаң­ғыр­тып, жаңаша стильде көрермен назарына ұсынды. Жалпы, биыл үшінші мегаполистегі бұл театрдың жаңа тынысы ашылғандай, өзгеріс көп. Өнер­сүйер қауым бұл оң өзгерісті театр басшысы Майра Мұхамедқызымен бай­ла­ныстырып отыр. Осы орайда Майра Мұхамедқызынан Шымкент қаласы әкімдігінің мәдениет саласына жасап отырған қамқорлығы жөнінде біліп едік. 

- Қала әкі­мі Мұрат Әйтенов, бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ханзада Есенова – барлығы жастар. Үшеуі де осы Оңтүстік өңірінің тумалары. Олар өз елінің патриоттары. Өнерге деген ықыластары жоғары. Ұстанған бағыттары, тұжырымдамалары дұрыс бағытта. «Мәдениетті дамытамыз» деп игі бастамаларды жүзеге асырып жатқандары өте орынды. Оларды депутаттар, халық болып қолдап жіберсек, Шымкент талай қала, облыстың алдын орап кетеді.

Адамның бойында мәдениет болма­са басқа жағынан озып шығу мүмкін емес. Адам­затты мәдениет дамытады. Қо­ғам­ды алға мәдениетті азаматтар же­­те­лейді. Егер адамда мәдениет бол­маса басқа нәрсенің бәрі жайына қала­ды. Ішкі мәдениеті қалыптасқан, руха­ни бай азаматтар жамандыққа жол бер­мей­ді. Мәдениет болмаған жерде ізгілік жойы­­лып, ұрыс-керіс өршіп, соғыс өрті тұ­танады. Сондықтан да қала басшылығы Шымкентте мәдениетке ден қойып, қол­дан келген барлық жұмысты атқаруда.

Театрға соңғы үлгідегі жаңа проек­тор алдық. Бұған дейін бұрын LED экран­ды қолданған екен. LED экран концертке жақсы болғанымен, қойылым қоюға ыңғайсыз. Қысқасы, театрда үлкен өзгерістер болып жатыр. Аз ақшамен үлкен тірліктерді атқаруға тырысудамыз. Мен осында біраз болсам деймін. Себебі мен кетсем театр құлап қалатындай көрінеді. Яғни қолға алған жобалар орта жолда қалып кететін секілді. Сол себепті бастаған ісімді соңына дейін жеткізгім келеді. Театрдың алдына үлкен міндеттер қойылды. Бес жылдық жоспарымызды айқындап, қазіргі таңда жас кадрлар жинауға кірістік, - дейді опера әншісі.