«Рауан» ЖШС халыққа қолжетімді бағада су өнімдерін шығаруда

Қысқаша

«Рауан» ЖШС халыққа қолжетімді бағада су өнімдерін шығаруда

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Жолдыхожаев, Айжан Наимбекова, Талғат Балтабаев Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы негізінде «Рауан» ЖШС жұмысымен танысып қайтты. 

Мекеме Қазақстан нарығында 1998 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оңтүстікте сусындар мен су шығаратын 3 ірі жоғары технологиялық зауыты бар. Өнім әлемдік өндіріс стандарттарына сай, шетелдік жабдықтарда өндіріледі. Халықаралық сапа стандартымен сертификатталған. Бағасы да қалтаға қонымды. Тек қала халқын емес, республика халқын су өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 

2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жеміс және көкөніс шырындарын, салқын шай мен шыны ыдыстағы ауыз су өндіретін жаңа бағытты іске қосу үшін 15%-бен несие алған. Оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Қазіргі уақытта өндіріс қарқыны жоғары. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мекеменің мүмкіндігі артып, өнімдері көбейген.