Шымкент еріктілерінің еңбегін дәл көрсете білген фильмге оң пікір білдірушілер көп

Қысқаша

Шымкент еріктілерінің еңбегін дәл көрсете білген фильмге оң пікір білдірушілер көп

Screenshot_6.jpg

Бүгін Жастар ресурстық орталығында шымкенттік Серік Таласовтың "Волонтер" толықметражды киносын көрсетілді. Бір сағатқа созылған фильм көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бұл туралы көптеген зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер жағымды пікір білдірді.

Фильмді тамашалаған журналист Асхат Әссанди желіде өз ойымен бөлісті. Ол Шымкент қаласы жастарының жанкешті еңбектерін дәл көрсете білген фильмге жоғары баға берді.

"Фильмді көріп еріктілерді, еріктілікпен бар жанымен айналысатын жастарға, кәсіпкерлерге деген құрметім одан әрі артты. 

Көз алдыма Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы су апаты бірден елестеді. Сол кездегі халықтың басынан өткерген қиыншылығын бірге жеңуде еріктілердің еңбегі ерен. Бәрі болмаса да, біразы "Халық алғысы" медалін лайықты алған еді ғой?! Енді өтірік емес, еріктілікті пиарға айналдырып алғандар да аз емес. Оқиға болған сәттің моментінде пайда болып 1-2 суретке түсіп, әлеуметтік желіде қатырып жатырмын дейтіндер де жоқ деуге келмес. 

Дегенмен, ниеті түзу, шынайы ықыласпен еріктілікті қосымша жұмыс етіп алғандар бар. Соларға деген құрмет осы фильм арқылы керемет жеткізілген. Керемет фильмнің идея авторы Бахадыр Нарымбетов ағамыз екен. Ал фильмдегі әр актердің өз ролдерін жоғары дәрежеде сомдап, соларды қадағалап, жеткізе алған Серік Таласов талассыз еліміздің үздік режиссерлары қатарында. Бұған дейін тек қысқаметражды фильмдері арқылы көруші едік. Тез бітіп қалатын фильмдердің өзіне жылдар бойы актуалдылығын жоғалтпайтын мағыналы, тәрбиелі оқиғалар, өсиет әңгімелерді сыйдыра алатын еді. Бүгінгі фильм әсерлі екен" - деп жазды журналист.