"Назар Текстиль" кең қанат жайып келеді

Қысқаша

"Назар Текстиль" кең қанат жайып келеді

Screenshot_14.jpg

Бұрын Қазақстан азаматтары сапалы кілемдерді Иран, Бельгия секілді мемлекеттерден алатын еді. Бұл елден келетін кілемдерге деген таңданыс өте жоғары болатын. Бүгінде шетел кілемдеріне деген сұраныс азайған. Себебі сапалы кілемдер өз елімізде тоқылатын болды. Халықты сапалы кілеммен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындардың бірі - "Назар Текстиль". Шымкент қаласында орналасқан бұл кәсіпорын республикаға түрлі кілемдерін үздіксіз жөнелтілуде. Бүгінде бұл кәсіпорын даму үдерісінде екен. Кәсіпорын кең қанат жайып келеді.

Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдыхожаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін «Nur Otan»  партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде іс-шара барасында жұмысшы топ «Назар Текстиль» ЖШС өндіріс орнында да болды. Жобаның құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Мекеме басшысы Келісбек Полатбекұлының айтуынша Жол картасында көрсетілген 150 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі жоқ екендігін жеткізді.Кездесу соңында бір қатар мәселелер талқыланып өз қарауымызға алатынымызды жеткіздік, - деп жазды Мұрат Жолдыхожаев.