Шымкент өнімі Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстанға жеткізіледі

Қысқаша

Шымкент өнімі Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстанға жеткізіледі

Screenshot_5.jpg

Өнім шығаратын кәсіпорын - экономиканың діңгегі, алтын қазығы. Мемлекет өнім шығарғанда ғана басқа мемлекеттермен бәсекелесе алады. Әлемдік аренада өз орнын қалыптастырады. Сол себепті де кәсіпорындар санын көбейту өте өзекті. 

Кәсіпорындар Шымкентте көбейіп келеді. Ал олар қалай жұмыс істеп жатыр? Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдықожаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қаласының депутаты, фракция мүшесі ретінде "Қытай-Қазақстан марганец индустралдық тобы" Қазақстан марганец индустралдық тобы ЖШС-де жұмыстың іске асырылу барысымен танысты.

Көшпелі жиын барысында кәсіпорын басшысы бірқатар мәлімет беріп өтті. Жер учаскесі 3,5 га құрайтын өндірістік орынның жоба құны 2,8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі 100% өздерінің қаржысы. Жобаның қуаты 50 000 тонна. Өткізу нарығы ішкі нарық 70%, сыртқы нарық бойынша Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне 30% жеткізіледі. Кәсіпорынның шығарылатын өнімі Мн С17 маркалы ферросиликомарганец болып табылады. Жалпы 150 жұмыс орындары ашу жоспарда бар.