Шымкентте тіс пастасы шығады

Қысқаша

Шымкентте тіс пастасы шығады

Screenshot_6.jpg

Тұрмыстық өнімдер шығару өте өзекті. Әрбір азамат өмірінде тұрмыстық тауарларды қолданады. Тұрмыстық тауарларсыз өмір сүру сапасы да төмендейді. Сондықтан да тұрмыстық тауар шығару арқылы кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетеді. Бүгінде Шымкент қаласында тұрмыстық тауар шығаратын кәсіпорындар саны жылдан-жылға артып келеді.  

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының бір топ депутаты «Nur Otan»  партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында фракция мүшелері ретінде Индустриялды аймағында орналасқан "Dentafill Kazakhstan" ЖШС-де жұмыстың іске асырылу барысымен танысты.

Бүгінгі таңда 1 га жерді құрайтын өндірістік орынның жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жақпа препараттары, тіс пасталары, аскорбин қышқылдары және т.б өнім түрлерін шығарады. 

Дәрілік және гигиеналық құралдар өндірісін шығаратын кәсіпорында 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Депутаттар кездесу барысында шешілуі қиын мәселелерді қарап, өз бақылауларына алатынын жеткізді. Осылайша халық қалаулыларының көмегімен кәсіпкерлер мәселелерін шешіп, өндірісті тезірек іске қосуды мақсат тұтты. Алдағы уақытта өз өнімдерімізде тұтынатын күн алыс емес.