Қала туризмінің алғышартының бірі - мәдениетті жастары

Қысқаша

Қала туризмінің алғышартының бірі - мәдениетті жастары

жастар.jpg

Қала тұрғындары мәдениетті болғанда ғана сол қалаға келетін туристер саны да артады. Халқы қонақжай мекенге әркім келгісі келеді. Әсірсе жастар мәдениетті болғаны абзал. Себебі жастар - қоғам айнасы. Жастар интеллектуалды, мәдениетті болса қалада да мәдениет орнайды. Қылмыс тоқтап, қала лас болып жатпайды. Тап-таза қала да - туризм кепілі. 

Осы орайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында “БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН” «Eco Sana» сенбілік қозғалысының биылғы қорытындылау кезеңі өткізілді.

Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болатын.

Бір жарым айға созылған сенбілік барысында қаламыздың төрт ауданында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 

Атап айтқанда Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілікке қала белсенділері,  волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді жастар қатысып, 2 тонна 450.5 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын. Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен сенбілікте 3 тонна 219.5 келіге жуық қоқыс шығарылды, Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікте 8 тонна 426 кг қоқыс шығарылды, ал Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданындағы «Бадам» су қоймасынан 3 тонна 594 кг қоқыс шығарылған болатын. Нәтижесінде жалпы жоба соңын қорытындылай келе 17 мың 690 килограмм қоқыс жиналып шығарылды.

Жоба нәтижесінің соңында үздік жеңімпаз деп танылған  ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.