Дертіне дауаны Шымкенттен іздейтіндер көбеюде

Қысқаша

Келесі жылы Шымкент жүрек орталығында жүрек ауыстыру отасын жасау жоспарланып отырған көрінеді. Ацта кетейін қалада бұған дефін бүйрек, бауыр трансплантациясы сәтті жасалып жүр.

Screenshot_1.png

Қазіргі таңда халықаралық туристік нарықта медициналық туризм басым бағыттардың бірі болып есептеледі. Шымкент қаласында медициналық туризм айтарлықтай  дамып келеді.   Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша жалпы қаламызға ем алу мақсатында келушілердің 72%-ын Ресей, 15,09%-ын Украина, 11,54%-ын Қазақстан және 1,37%-ын өзге мемлекеттердің азаматтары құрайды екен.

"Шымкент республиканың үшінші мегаполисі атанғаннан соң әрине бірінші кезекте тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және медициналық туризмді дамытуға арналған жоспар құрылған болатын. Өкінішке қарай пандемияның салдарынан жоспар  жүз пайыз орындалған жоқ. Соған қарамастан біздің қалаға шетелден келіп ем алыған пациенттер жетерлік. Ең алдымен  медициналық жабдықтарды жаңартып, заманауи аппараттар сатып алдық. Атап айтатын болсақ Орта Азияда теңдесі жоқ ангиограф аппаратын алып, №2 ауруханаға оранттық. Ол жерде нейрохирургия, кардиохирургия саласындағы түрлі ауруларды емдеу ісін дамыту үшін дәрігерлерді оқыттық. Қазіргі таңда ақ халаттыларымыз толық осы ангиограф аппаратымен жасалатын оталарды үйренді және жасап жатыр. Қазір бізге Өзбекстан, Қырғызстаннан емделушілер көптеп келіп жатыр. Өткен аптада ғана бізге Қырғызстаннан екі науқас келді. Ақылы түрде күрделі ота жасатты",- дейді басқарма басшысы.

  Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша алдағы уақытта Шымқаланың медицина туризмді ересектердің және балалардың нейро, кардиохирургия, травматологиялық оталар бағыты бойынша дамымақ. Алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Мәселен  күні кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында ғана жасалатын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы бойынша күрделі отаны жергілікті мамандарымыз сәтті жасап шықты. Бұл өте қымбат әрі күрделі ота. Мәселен бұл операцияны Корея еліне барып жасататын болсаңыз 450 мың АҚШ долларыңызды қиясыз. Ал бұл ота Шымкентте екі есе арзан бағаға жасалады.  Сондай-ақ  Ресейге барып тізе буынын ауыстыратын болсаңыз 7-8  миллион теңгеге шығындаласыз. Ал Шымқаланың мамандарына жүгінетін болсаңыз бұл ота 1 миллион 200 мың теңгемен бітеді. Баға арзан болғанымен бізде сапа жоғары дейді сала қаланың бас дәрігері.

      Келесі жылы Шымкент жүрек орталығында жүрек ауыстыру отасын жасау жоспарланып отырған көрінеді. Ацта кетейін қалада бұған дефін бүйрек, бауыр трансплантациясы сәтті жасалып жүр. 

басқарма басшысы тағы бір тың жобаны тілге тиек етті. Алдағы уақытта Түркістан қаласына келетін туристердің алдымен Шымқалаға келіп екі күндік толық медициналық тексеруден өтіп, денсаулық пастортын жасатып алуға мүмкіндік тумақ. Бұл да қаланың медицина туризмінің дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. 


  

 


    A+
Уақыты: 2021-10-26  Айдарша: Өңір
TAG: