Оқытушылар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді

Қысқаша

Оқытушылар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді

Түркістанда оқытушылар біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр

Кәсіпті бастау үшін қаражат жеткіліксіз. Кәсіптің қыр-сырын меңгеру - міне басты міндет. Соған орай, Түркістанда "Кәсіпкерлік негіздері және бизнес" пәнін оқыту бойынша мектептің 60 ұстазы мен колледждің 300 оқытушысы біліктілігін арттыруда. Бұл "Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында іске асып отыр.

«Еңбек» бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатқан жоба 2014 жылы басталған болатын. Алғаш рет облыс орталығындағы Ататүрік атындағы №17 мектепке енгізілген. Кәсіпкерлікке ептейтін бұл пән, бүгінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, бизнес саласындағы сауатын ашып отыр.  Енді жаңа оқу жылынан бастап, он мыңға жуық жас  колледж және мектеп қабырғасынан бастап кәсіп ашудың жолдарын оқитын болады.  

Облыс орталығының оқытушылары «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» пәнін оқыту бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек« бағдарламасы аясында іске асып жатқан бұл жобада, түркістандық 300 мектеп мұғалімдері мен 60 колледж оқытушылары біліктілігін арттыруда. Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап, он мыңға жуық жасөспірім кәсіпкерлік негіздерін колледж және мектеп қабырғасынан меңгереді.

Оқыту 19-29 тамыз және 2 -13 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Он күндік курста бизнес тренерлер оқытушыларға жалпы кәсіпкерлік жайлы сауатты түсінік қалыптастырып, өңір ерекшелігіне байланысты кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертеді. Салық төлеу режимдерін, маркетинг негіздерімен таныстырады. Сондай-ақ заманауи жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы толық мағлұмат береді.