Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлікті дамыту бағытында семинар-тренинг болып өтті. Семинардың басты мақсаты – көп балалы аналарға берілген атаулы көмектің тұрақтылығын сақтау. Яғни мемлекет тарапынан бөлінген 21 мың теңгеге қол жеткізгендердің өз кәсібін ашып, дөңгелетуіне толық мүмкіндіктері бар екенін түсіндіру болады.
Бұл жөнінде Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Дастан Қадыров бизнес бастаудың алғы шарттары мен қыр-сырларын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, кәсіпкер ол өз ісін құрып және оны дамыта отырып, тәуекел етуге, тәжірибе жасауға дайын адам екенін атап өтті. Ал кәсіп таңдау ол адамның өз жолын бастауы деп түсіндірме жасаған маман аналарға ақшаны қалай қолдануды, кәсіпті неден бастау керек жолдарына тоқталды. Алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс. Бизнеске табан тіреу үшін ең бірінші қажетті қаржыға лайықты кәсіп бастау негізіне жол сілтеген Дастан Нышанбайұлы аналарды толық ақпараттармен қамтыды.
Семинар-тренинг барысында аналар өз бизнес жобаларын құрастыру жолдарын да үйренді. Алдымен шешім қабылдап, жоспарлап, қаржылық жоспар жасап, фирма ашу жолдары да айтылды. Шарада түсіндірілген басты мәселе адамдармен қарым қатынас бизнесті бастаудың 70%-ын құрайтындығын ұққан семинарға қатысушылар жиын соңында ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.