Түркістанға шетелден журналистер келді

Қысқаша

Түркістанға шетелден журналистер келді

0bcd7561400425173e713f2916e81599.jpg

Түркістан қаласы түркі әлемінің астанасы, рухани орталық ретінде әлемге танылып келеді. Қазіргі тағда Түркістанға тек туристер емес, әр түрлі саланың мамандары келіп, қалада іс-шаралар өткізе бастады. Бүгін қалаға бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне саяхат жасады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде ілгерілету шеңберінде шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен «мәдени» баспасөз-туры ҚР Сыртқы істер министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттердің, атап айтқанда «Specchio Economico» (Италия), «Global Times» (Қытай), «Le Figaro» (Франция), «Korean Broadcasting System» телеарнасы (Корея), «The Holiday Magazine» (Ұлыбритания) 20-ға жуық журналисі тұран даласының тарихымен танысты.

Шетелдік журналистер аялдаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі олардың таңданысын тудырды. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз-турының қатысушылары, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын да аралап көрді. Тарихи жәдігерлерді таспалап алды. Музей гидетері оларға кесене туралы қызықты деректерді ұсынды. 

Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы саяси және экономикалық оқиғаларды жариялау үшін шетелдік тілшілердің баспасөз-турларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады.

Сонымен қатар, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл төртінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға атсалысады. Үлкен мақсат – кіші істен басталады демекші, Түркістан қаласының атын әлемге таныта отырып, Қазақстан елінің абыройын асқақтатуға болады.