Берері мол көрме

Қысқаша

Берері мол көрме

908461d0369a83f7ebe4ad9eaf4467f5.jpg

Экономиканы алға сүйрейтін ауылшаруашылық саласы екені анық. Агросаланы дамытудың қайнар көзі  ол озық технологияларды қолдану. Замануи технологияны тәжірибеде қолдану мақсатында Түркістан қаласында  «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме ұйымдастырылды. Айтулы шараға   облыс  әкімі  Өмірзақ Шөкеевтің өзі қатысты.  Көрмеде көпшілікке ауыл шаруашылығы өнімдері, асылтұқымды төрт түлік малдың түрлері мен заманауи техникалар ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушылар шаруаларға сүт қабылдау бекеттерінің жұмысы көрсетіліп, салмағы 1 тоннадан асатын «Абердин – ангус» бұқалары мен асылтұқымды қаракөл қойларының ерекше  түрлерін  көруге мүмкіндік алды.  Төрт түліктен өзге құс және балық өсіруге арналған құрал-жабдықтар мен дәрумендер де көпшілікке ұсынылды.  Ал әлемге танымал Джон-Дир, Ламборджини, Сампо-лев сынды тракторлар көрменің сәніне айналды.

Оңтүстік өңірі елімізде жылыжай өндірісін дамытып отырған бірден бір аймақ. Іс-шараға өзге аймақтарға үлгі болып отырған түркістандық шаруалар мен азық-түлік белдеуін құруға байланысты жаңбырлатып және тамшылатып суаруға арналған жылыжай кешені жабдықтарын шығаратын өндірушілер де  қатысты.

Ауқымды шараның нәтижесінде шаруалар өздеріне қажетті ақпаратқа қанық болып, заманауи технологияларды меңгеруге жол ашты.