Жас кәсіпкерлерге грант беріледі

Қысқаша

Жас кәсіпкерлерге грант беріледі

d879d9cc583340ffaf173ffc5ad69284.jpg

Елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Соның нәтижесінде биыл 5000 мың жасқа несие беріледі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында, іскер азаматтар өз ісін ашып, кәсібін дөңгелете алады. Түркістанға іс-сапармен келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев  жастармен кездесуде осыны айтты.

 Өңірімізде шағын және орта бизнес оңтайлы жолға қойылған. Ісін өрге домалатқысы келген азаматтар бар. Алайда Респбликалық деңгейдегі ірі кәсіпкер атану үшін, екінші дәрежелі банк тарапынан қолдау қажет.  Рухани шаһарға келген халық қалаулысы, жастарға бизнес саласындағы сырларымен бөлісті.   

Түркістан шаһарында  шағын бизнеспен айналысқысы келетін жастар баршылық. Біз осы жастарға ең бірінші қаржылай қолдау көрсетуіміз керек. Сондай-ақ бизнестік сауаттылықты да арттыру маңызды,»- дейді  депутат Нұржан Әлтаев. 

    Түркістандық  Ақерке Алипова Латвияда төрт жыл білім алған. Туған жерінде өз кәсібін қолға алды. Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашты. Себебі жас кәсіпкер өзге елде , ұлттық құндылықтың бағасын сезінген. Кездесуге қатысқан Ақерке жетістігінің құпиясын ашты.     Жастарға қазір көптеген мемлекеттік қолдаулар болып жатыр. Осындай кездесеудің көп болғанын қолдаймын. Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашу  идеясы маған шетелде келді. Ол жақта өзге елдердің ұлттық тағамдар дайындайтын орындар көп. Бізде кішкеше төмен деңгейде. Осы істі казір қолға алдым,»- дейді жас кәсіпкер. 

    Енді кәсібін өрге домалатқысы келген 5 мың жас 16 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. Бұған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде екінші деңгейдегі банктер жұмыс істейді. Сонымен қоса жоба аясында  шағын және орта дамытуға 20 мыңдай грант беріледі. Бұл мүмкіндікті енді түркістандық кәсіпкерлер де қолдана алады.