Көне шаһардың екінші тынысы ашылды

Қысқаша

Тарихи деректерге сүйенсек ортағасырлық Түркістан қаласында шахристан, рабаттар, шағы

6547f850259fec9fd9117175f4b32e19.jpg

Тарихи деректерге сүйенсек ортағасырлық Түркістан қаласында шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары болған. Қаланың солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 шақырымға жуық. Стратиграфиялық зерттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVI ғасырларда кесененің батыс жағында шахристан пайда болған. Ұлы жібек жолындағы ең дәулетті, ең көрікті шаһардың бірі болған Түркістанның облыс орталығына айналуы қаланың қайта түленуіне жол ашты. Бүгінде тарихшылар мен археолог-ғалымдар, басшылар қаланың қайта туристер ағылатын мекенге айналуына жағдай жасауда.     

Осы ретте, Қожа Ахмет Ясауи атындағы кесене маңында қазба жұмыстары жүргізілуде. Көне керуендік жолдар ашылуда. Биыл Қожа Ахмет Яссауи музейі, кітапхана,  Ұлы дала елі мұражайы да салынып жатыр.  Қаланың бұрынғы келбетін қайта келтіру мақсатында, көшелер мен тұрғындарға қажетті нысандар шығыс үлгісінде бой көтереді. Сонымен қоса, Ұзындығы 700 мың метрден асатын Шығыс базары да  тұрғызылады. Келуші туристерге қолайлы жағдай жасау үшін, киелі орындарға арнайы транспорт пен демалыс орталықтары да жұмыс істейтін болады.  

 «Жобының бірінші кезеңі басталды. Қазба жұмыстары жасалынып жатыр. Түркістанның орналасу климат өте керемет болған. Тарихқа көз жүгіртсек, Қаратаудан Сырдарияға өзендер ағып өткен. Суландыру жүйесі көтеріліп жатыр. Су бұрқақтар шығыс үлгісінде. Туристердің көбі мәдени орталықта жүреді. Тарихи орталыққа ат арбамен, түйемен саяхаттайды»,- дейді Түркістан облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы еркін Жүсіпов.