Тура жолдан адаспау - басты мақсат

Қысқаша

Тура жолдан адаспау - басты мақсат

00000000.jpg

Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың дүниеге келген күнін, яғни, мәуліт мерекесін Төлебиліктер атап өтті.

Шараның басты мақсаты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жас өрендердің санасына сіңіру, жастардың дұрыс, деструктивті діни ағымдармен күресте сауаттылық таныту, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болып табылады.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің бас имамы С.Анарбаев және мәслихат депутаты М.Жұмабаевтың бастамасымен Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туған күніне арнайы дастархан жайылып, дәм берілді. Жиынға аудан әкімі Б.Омарбеков, мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров Түркістан облысының бас имамы және де Шымкент қаласының бас имамы, сонымен қатар ауыл мешіттерінің имамдары мен тұрғындары қатысты. Жиында С.Анарбаев:

– Қазір қоғамда қауіп-қатер мен ысырапқа толы көптеген пайдасыз мерекелердің қаптап кеткені белгілі. Оның бәрі салт-санамыздың, дініміз бен тіліміздің дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Ал Мәуліт мерекесіне барлығымыз біржақты қарап, жастарымыздың, жалпы, халқымыздың имандылығының артуына, Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігіміздің нығаюына пайдалана білсек, «нұр үстіне нұр» болар еді, - деп жастарды тура жолдан адаспауға шақырды. 

Жиын соңында мұсылман қауім бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасып жатты.