Арыста құқық қорғау органдары есеп берді

Қысқаша

Арыста құқық қорғау органдары есеп берді

9.jpg

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халына арнаған Жолауының үшінші тармағында: «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады» деп атап өткен болатын.

Осы орайда, бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2018 жылдың 10 айында Арыс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мен атқарған жедел жұмыстарының қорытындысы бойынша халыққа есеп беру жиыны өтті.

Қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай төрағалық еткен жиынға Түркістан облысының полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев, Арыс ауданы прокурорының орынбасры А.Кабдурахманов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, ауылдық округ әкімдері, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, мекемелер мен бөлім қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Жиында Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Н.Исабеков баяндамасы тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.