Жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою жайында үндеу қабылады

Қысқаша

Жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою жайында үндеу қабылады

000000.jpg

Бүгін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алқа жиналысында ҮНДЕУ қабылданды.

Онда «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайта ұйымдастырылып Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып құрылды. Жоғарыда айтылған жаңалықтар, осы оқиғалар бәрімізге және әрбірімізге жоғары жауапкершілік жүктейді. Бірлігіміз бен ынтымағымызды, татулығымыз бен тұрақтылығымызды, ауыз біршілігімізді көздің қарашығындый қастерлеп, жұмыла жұмыс істеп, ерекше еңбек еткенде ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Мұны бір сәт те естен шығаруға болмайды» - делінген.

Сонымен қатар, «Енді Көшбасшымыз кемел келешекке бастаған «Мәңгілік Ел» сапарындағы кей-кейде көлденеңдей беретін кесел-кесапаттарға, яғни күншілдікке, арызқойлыққа, өсек-аяң өршітетін өлермендікке, бірлікті бұзатын кез-келген өркөкірек өжеңдіктерге жол беруге болмайтынын ұғынатын уақыт келді!» - деп көсертілген Үндеуде.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу-жалпыға ортақ міндет екенін ұмытпайық» - деп көрсетілген.

Айта кетейік, Үндеу Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жиналысында қабылданды.