Түлкібас тек алмасымен, айран-сүтімен де мақтанады

Қысқаша

Түлкібас тек алмасымен, айран-сүтімен де мақтанады

5.jpg

Бүгінде Түркістан облысы бойынша жылына 130 тонна өнім өндіруге қуатты 40 тан астам сүт өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл жөнінде shymkenttv.kz сайты хабарлайды. 

Міне, сондай кәсіпорындардың бірі- Майлыкент сүт өңдеу цехы. Ауданда бұдан да өзге мекемелер іске қосылу жоспарланған. Қазір Ақбиік ауылында сүт өңдеу цехы іске қосылуда дайын. 

Түлкібаста көңіл қуантарлық тірліктер көп-ақ. Таяу арада ауданда отандық инвесторлардың қолдауымен құны 2,5 милиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге аспақ. Өңір халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында Ақбиік ауылында тәулігіне 5 тонна сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Жұрт көңілінен шыққан жобаның жалпы құны 236 миллион теңгені құрайды. 

Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы және кадастрлық бөлімінің басшысы Мұстафа Желдібаев айтуынша, Отандық өнім есесін арттыру мақсатында ауданда 4 сүт өндіретін фермалар жұмыс атқарады.Солардың бірі Майлыкент жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Үш ауылдық кооперативтар құрылған.Әрқайсысының үйінде 2-3 сиырдан бар.Күндігіне 5 тонна сүт сауылады. Сол сүтті Майлыкент сүт зауытына әкеліп өткізеді. 

Түлкібас ауданында сүтті мал шаруашылығы дамып келеді.Өндіріске қажетті сүт алыстан емес ауыл маңындағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Соның арқасында бұл аймақта шикізат тапшылығы жоқ.Азаттық елді мекеніндегі «Майлыкент Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күніне 5 тонна сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы.