Ауыл тұрғындарына жат ағымдардың жаман әдеттері түсіндірілді

Қысқаша

Ауыл тұрғындарына жат ағымдардың жаман әдеттері түсіндірілді

11.jpg

Ислам сөзі – бейбітшілік деген мағына береді. Асыл дініміздің аты айтып тұрғандай, ислам діні бейбітшілік пен келісім діні. Ислам діні ешқашан берекені бұзып, бірлікті кетірмеген. Керісінше, татулықты ту етіп, бірліктің бесігін тербеткен бірегей дін. Десекте, бұл күндері діни экстремизім деген терминді білмейтін жан жоқ десек жансақтық болмас. Өкініштісі, ең бейбіт сүйгіш дін ислам дініне осы бір жағымсыз, құлаққа түрпідей тиетін терроризм термині тіркеліп, экстремизмнің елесін Исламнан іздеу дағдыға айналды. Ислам діні арасында арбасқан ағымдардың апаны көбейіп кетті.

Осыған орай, бүгін Созақ ауданының тұрғындарына сала мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсақ, Қыземшек кенті Л.Бөкенов атындағы мектеп оқушыларына "Ғаламтордағы жалған діни ақпараттардан сақтанайық" атты тақырыпта мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Мектеп оқушыларына əлеуметтік желідегі теріс діни бағыттағы топтардан сақтану шаралары түсіндірілді. Оқушыларға діндер тарихы, ислам мазхабтары тарихы, зайырлылық жəне ғаламтордағы махаббат бомбасы атты кітапшалар таратылып жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Шолаққорған ауылдық округі Аудандық емхана қызметкерлерімен "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу " тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

"Балауса" бөбекжай балабақшасында "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу" тақырыбында жиналыс өтсе, "Ертөстік" бөбекжай балабақшасында сала мамандары "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу" тақырыбында кең көлемде мәлімет берді.