Деструктивті ағымдардың идеологияларынан сақтандыру - басты міндет

Қысқаша

Деструктивті ағымдардың идеологияларынан сақтандыру - басты міндет

17.jpg

Бүгінгі күнде рухани жаулап алу дінді бетперде ретінде пайдалана отырып, теріс идеяларды жастар арасында белсенді таратудан көрініс тауып отырғаны жасырын емес. Осы орайда радикалдық сипаттағы діни ағымдардың идеологиялары азаматтарды наным-сеніміне қарай жіктеуді, дін жолында жүргендерді басқалардан жоғары қоюды, мемлекеттің зайырлы қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қояды. Ал мұндай идеологияның әртүрлі діндерді ұстанатын көп этностан тұратын Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Керағар ағымдардан жастарды аулақ сұтау және сақтандыру мақсатында бүгінде көптеген іс шаралар өтуде.

Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның жанынан ашылған Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының теологы Д.Турта және «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Абзал Бектұрғановпен бірлесе отырып мемлекеттік мекелер мен ауыл тұрғындарының арасында «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары жүргізді. Басты мақсат - қарапайым халықтын және мемлекеттік мекемелердің қоғамдағы деструктивті ағымдардың идеологияларынан сақтандыру.

Жиын барысында сала мамандары қойылған сұрақтарға кең көлемде жауап берді.