«Цифрлық Қазақстан» - жемқорлықтың алдын алудың бір тетігі

Қысқаша

«Цифрлық Қазақстан» - жемқорлықтың алдын алудың бір тетігі

19.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері үшін «Студенттердің ХҚКО-дағы бір күні» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында өтті.

Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен таныстыру және халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу болды. Акция аясында Мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша сыбалйас жемқорлықты болдырмайтын электрондық қызметтерді насихаттап, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді. «Цифрлық Қазақстан» – ақпарат алудың, мемлекеттік қызметті тиімді жолы және жемқорлықтың алдын алудың бір тетігі екенді жайында түсініктеме берді.

Естеріңізге салсақ, бұдан алдын мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына Департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну мақсатында Департаментпен Ашық есік күні ұйымдастырылған болатын. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.