Салық көздерін көбейту жүктелді

Қысқаша

Салық көздерін көбейту жүктелді

29.jpg

Түркістан облысы – донор облысқа айналуы керек. Оған мүмкіндігі жетеді. Ол үшін өндіріетін өнім көлемін арттырып, салық жүйесін оңтайландыру керек. 

Осыған орай, бүгін осы және өзге де мәселелер туралы Жетісай ауданында өткен аппарат жиынында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. Оның айтуынша, Жетісай ауданында салық көздерін молайту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қала, кент, ауыл округтерінің әкімдері жыл соңына дейін көлік салығының барлық қарыздарын толық өтелуіне ықпал етуі тиіс. 

Жиында екі өзекті мәселе қаралды. Соның бірі - «Алтын күз-2018» шарасына дайындық барысын талқылау. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков баяндама жасап, атқарылуы тиіс жұмыстарды түсіндірді. Аталмыш шара қарашаның 17-ші жұлдызы күні Жетісай қаласы күні мерекесімен қатар Жетісай қаласындағы орталық саябақта өткізіледі деп күтілуде. 

Екінші мәселе – Жетісай ауданы бойынша 2018 жылдың 10 айында мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қауіпсіздік туралы атқарылған жұмыстары жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Біржан Райымбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде ауданымызда жалпы 97 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бұрынғы іріленген Мақтарал ауданы бойынша биылғы жылдың 9 айында 90627 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде ХҚКО арқылы 29397, электронды түрде 42152, тікелей стандартқа сәйкес 9443 , тікелей 9635 қызмет көрсетілгені анықталған. 

Жиын барысында аудан әкімі қала, кент, ауыл округтерінің әкімдеріне салық түсімдерін ұлғайту, ауданға инвестиция тарту, күзгі жер айдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, жылыту маусымы барысында қауіпсіздік шараларының алдын алу қажеттілігі ескертілді.