"Ынтымақ бірлік кепілі"

Қысқаша

"Ынтымақ бірлік кепілі"

1542707334778252.jpg

ҚМДБ – ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ақтамберді Мұсабек қажы Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің жамағатымен жүздесіп, асыр намазынан кейін жамағатқа «Ынтымақ бірлік кепілі», – тақырыбында тұщымды ой қозғап, бірлік болмай, береке болмайтындығын аят – хадистермен нақтылай атап көрсетті. Дін ұстанған әрбір мұсылман баласына әрдайым татулық пен ынтымақ және жік – жікке бөлінбестен көппен бірге болу – ауадай қажет. 

Әрдайым жамағаттың ынтымағы мен береке,бірлігі берік болса, мешіт көркі сол болмақ. Ислам діні мұсылмандарды тек жеке тұлға ретінде кемелдендіріп, дамытып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның тыныштығын, амандығын қамтамасыз ететін ұлы ұстанымдар сыйлаған. Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым – қатынасты дін бауырластығы шаңырағының астында сүйіспеншілікпен жүзеге асуын әмір етеді. 

Сондай-ақ қоғамның әрбір мүшесін көпшіл, халықшыл болуға шақырып, қоғамның бір дене іспетті қалыптасуына үлесін қосады. Мұны өз басынан кешірген қоғамдар бірлік пен ынтымақтың рухымен жігерленіп, барша адамзатқа өнеге болары сөзсіз. Татулық – жақсы мінез – құлықтың жемісі болса, жаман мінез – құлық бөлінушілікке алып баратындығын білген жөн деп қорытындылады.