Жастарды жақсы істерге баулуда

Қысқаша

Жастарды жақсы істерге баулуда

0.jpg

Жастардың бойында дәстүрлі дінге деген сенімді нығайту, тура жолды түсіндіру, керағар ағымдардан аулақ болуға шақыру мақсатында құран жарыстарының өтіп отыру өте қажет дүние. Бұл жамағат пен дін өкілдерінің арасындағы байланысты да беки түсері анық.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы аудандық Түлкібас-ата орталық мешітінде Мәуліт мерекесіне орай, ұлдар арасында Құранның толық 30 парасын жатқа айтудан, облыстық деңгейде жарыс өтті. Сайыс тартысқа толы болды.

Әуелі облыс имамы Мұсабек қажы Ақтамберді қатысушыларға ақ батасын беріп, сəттілік тіледі. Құран жаттаудың – ақыреттегі сауабы жайлы насихат айтты.

Түлкібас ауданының бас имамы Руслан Ерменбаевтың ұйымдастыруымен және жарысқа демеушілік еткен жергілікті кəсіпкер Ернұр Айтымбетов мырзаға Мұсабек қажы Ақтамберді мырза алғысын білдірді. “Екі дүние бақыты мен телегей табыстар” тіледі.

Сайыс нәтижесінде Құранның толық 30 парасы бойынша 1 орын: Айдын Махон (Сарыағаш ауданы) – 150 000 теңге, 2 орын: Табын Салих (Түркістан қаласы) -100 000 теңге, 3 орын - Каруф Алим (Сарыағаш ауданы) - 80 000 теңге иемденді.