Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Әрбір адам өзінің туған жеріне жанашарлықпен қарап, оны аялап күтсе, көптеген мәселе оң шешімін табар еді. Атап айтсақ, жерден кір-қоқыс алынса, ол жерден күлімсі иіс шықпайды. Төңірекке зардабын тигізбейді. Сырт көзге қоқыстың шашылып жатқаны жағымсыз әсер сыйлайды. Бұл өз кезегінде өзге өңірлерден келетін туристердің ықыласын жоғалтады. Сондықтан да, мұндай оқиғаның орын алмауына жол бермеу керек.
Осыған орай, бүгін Жетісай ауданында жаппай сенбілік өтті. Бұл іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі қызметкерлер,қала тұрғындары ат салысты. Олардың негізгі мақсаты жұмыс орны, ғимараттар маңы және жол бойындағы тазалық шаралары жалғастыру болды. Сенбілік барысында орталық саябақ қоқыстан тазартылып, ал қала тұрғындары жол бойын тазартуға бар күшін салды. Жетісай ауданы бойынша 400 адам, 3 техника қатысты. Жалпы, сенбілік ұйымдасқан түрде өтті. Бұл сенбілік аудан тұрғыныңдарының көңіл-күйін көтеріп, жұртқа жағымды әсер сыйлады. Мұндай сенбіліктер жоспарлы түрде ұйымдастырылып, Жетісай өзгелерден өзінің тазалығымен озбақ.