Ордабасыда 317 мал бордақылау алаңы салынды

Қысқаша

Ордабасыда 317 мал бордақылау алаңы салынды

13.jpg

Бүгін Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатпен атап өтілді. Шара аясында ауылшаруашлық өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал, ауылшаруашылық техникаларының көрмелері ұйымдастырылды. Шаруаларды айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев:   

– Еліміздің жетістіктерінде Ордабасылықтардың да елеулі үлесі барын ерекше атап өтпекпін. Несібесін еткен еңбегінен күткен жерлестеріміз үшін биылғы жыл жемісті болды, - деп, ауданымыздың жетістіктеріне тоқталды. 

Салтанатты жиын барысында еңбек ардагерлері мен озаттары Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпат иеленді. 

"Алтын күз" салтанаты спорттық сайыстар мен аламан көкпарға ұласты. Шабандоздар жүйріктерін баптап, мерекелік бәйгенің додасына қосты.

Жалпы, биыл Ордабасы ауданында жетістіктер аз емес. Ордабасы – агросектор саласымен айналысуға өте ыңғайлы. Мұнда шөп шүйгін, су мол. Мал асырауға өте қолайлы. Осыған орай, ауданда мал шаруашылығымен айналысуға жағдай жасалған. Ауданда жыл басынан бері 317 бірлік мал бордақылау алаңдары салынып, жылдық жоспар 100,6 пайызға ( 315); 65 бірлік жанұялық сүт фермалары, 2 бірлік құс фермалары ашылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Мал шаруашылығы өндірісі жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 060 млн. 800 мың теңгені құрады.