Шалғайда, қиырда өз шешімін таппай жатқан мәселелер жиі кездеседі. Мәселенің шешімін таппау себебі – оған назар көп түсе бермейді. Өзі басқаратын ауыл-аймақ, ауданның түкпір-түкпірін аралап көріп, қиындықтармен танысу – нағыз әкімнің міндеті. Нағыз әкім – тек орталықты жөндеп қана қоймай, орталықтан шалғайдағы елідмекендерге де барынша жағдай жасау керек. Сонда ғана оның тірлігі көрінеді. Ел ықыласына бөленеді.
Осыған орай, бүгінгі жұмыс күнін Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Киелітас ауылдық округін аралаумен бастады.
Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қаражол, Қызылжар көшелерінің тұрғындарын көктемгі-күзгі мезгілдерде жауынның толассыз жаууынан көше бойы суға толып, халықты әбігерге салып жататын. Ленгір қаласының Жаңа құрылыс поселкесіне жүргізілген суағар жүйесін Ленгір-Бірінші Мамыр тас жолының қиылысынан Қаражол, Қызылжар көшелерінің бойымен Бадам өзеніне дейін 700 метрге су ағар жүйесін салуға алдағы уақытта қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа және Киелітас ауылдық округінің әкімі Полат Төребековке Достық елді мекеніндегі №16 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан өтетін «Зелёный клин» каналына қойылған үш дана құбырды заң аясында реконструкция жасап, су өткізу қабілетін арттыру тапсырылды.