Сыбайлас жемқорлықты болдырмауда ата-аналармен жұмыс жүргізіледі

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлықты болдырмауда ата-аналармен жұмыс жүргізіледі

19.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, әкімдік жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының отырысы болып өтті. Жиынның күн тәртібінде Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында орта білім беру ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында сөз болды. 

Жиынға Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Е.Жүнісов, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Келес аудандық бөлімі басшысы М.Абдулла, Сарыағаш аудандық әділет басқармасы басшысы С.Байдүйсен сондай-ақ аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері қатысты. 

Жиында тиісті мамандар ең бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық ұғымына кеңірек тоқталды. Жұрт параны не үшін береді? Не үшін алады? Жұрт параны – заңсыз іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін береді. Мысалы, ата-аналар ұл-қыздарын бірер апта мектепке жібермес үшін, балаларын әскерге жібермес үшін емханадан тиісті қағазды сатып алуы мүмкін. Бұл – пара. Сыбайлас жемқорлық осындай кішкентай нәрседен бастау алады. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күресте ата-аналардың алар орны ерекше. Олар балаларына үлгі бола білу керек. Кез-келген бала ата-анасына қарап өседі. Жиында мамандар осы жөнінде ой қозғап, бірінші кезекте жұмысты оқушылармен емес, олардың ата-аналарымен жүргізу керектігін айтты.

Алдағы уақытта бұл ұсыныстар жүзеге аспақ.