Түркістандықтар "Адал жол" марафонын өткізуде

Қысқаша

Түркістандықтар "Адал жол" марафонын өткізуде

30.jpg

Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үнемі жүргізіліп келеді. Мысалы, 2009 жылғы 22 сәуірде Президенттің «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қыз-метін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жар-лығы шықты. Бұл Жарлықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тосқауыл қоятын көптеген құқықтық шаралар көрсетілген. Одан бөлек әр маймақта жемқорлықты жүгендеу жайында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі «Адал жол» марафоны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары бойынша» 2018 жылдың наурыз және желтоқсан айлары аралығында «Адал жол» жобасында еліміздің барлық өңірлерінде «Эстафета» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілуде.

Түркістан қалалық мәдениет үйінде қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген ауқымды шарада "Адалдық бабалар өнегесімен" атты мәдени үгіт бригадасы қойылымы қойылса, "Адалдық - әлемнің ұлы байлығы" атты бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар аталған шарада көпшіліктің назарына тақырып аясында көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.