Елбасы мақаласының түрік, әзербайжан және қырғыз тілдеріндегі нұсқалары Халықаралық түркі академиясыныңресми сайтында жарияланды.
Елбасы мақаласы 21 қараша күні жарияланған болатын. Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Ол «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған.