Канзас, Айова, Миссури және Небраска штаттарында қатты жел соғып, қалың қар жауған. Табиғаттың тосын мінезінен Чикаго және Канзас-Сити қалалары зардап шегіп отыр.
Синоптиктердің мәліміне сәйкес, 26-қарашада қарлы боран солтүстік-шығысқа қарай бағыт алып, Индиан және Мичиган штаттарына барады. Кейбір өңірлерде қардың қалыңдығы 30 см-ге дейін жетуі мүмкін.