Өтпелі кезеңдегі жасөспірімге қолдау көрсету - болашаққа инвестиция салу

Қысқаша

Өтпелі кезеңдегі жасөспірімге қолдау көрсету - болашаққа инвестиция салу

8.jpg

Бала – жас шыбық. Кез-келген қиындыққа шыдамай сынып кетуі әбден мүмкін. Олар барлық мәселені өте ауыр қабылдайды. Сыни тұрғыда ойлай алмайды. Оларға өтпелі кезеңде барынша қолдау көрсету керек. Қолдауды тек ата-анасы емес, айналасындағы барша жандар көрсеткені абзал. Мысалы, мектеп оқушысына ең бірінші кезекте оның сынып жетекшісі, өзге де мұғалімдер, мектеп басшылығы, мектептегі қатардағы қызметкерлер қолдау көрсетсе, оқушы өзін сенімді сезінеді. Дегенмен, бұндай үрдіс әлі күнге дейін жоғары деңгейде қалыптаспады. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Білім бөлімінің мамандары, аудандағы 74 жалпы орта мектептің тәрбие ісі орынбасарлары,психолог,социолог мамандарымен кездесу болып өтті. 

Кездесуде Білім бөлімінің әдіскер маманы Р.Сейтова "Мектептегі тәрбие, форма және жастардың ғаламторда өзге діни ағымдардан сақ болуы" тақырыптарында баяндама жасады. Бұл баяндаманың маңызы зор болды. Себебі, айналасынан қолдау таппаған бала теріс діни ағымның жетегіне тез еріп, жақындарынан жырақтап кетеді. Бұндайға жол бермеу керек. 

Ал Түркістан облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ нің теолог маманы Ж.Битанов "Ғаламтордағы махаббат бомбасы" тақырыбында лекция өтті. Лекцияда теолог маман діни миссионерлердің өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерді алдап-арбайтын тәсілін түсіндіріп, қармаққа түспеу жолдарын үйретті. Бұл жұмыста мектептің барлық қызметкерері жұмылып, баланың тұлға болып өсуіне үлестерін қосады.