Арнайы жобалар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады

Қысқаша

Арнайы жобалар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады

11.jpg

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын оламыз», - деп атап көрсеткен.

Осыған орай, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қаласы №17 Ататүрік орта мектебінде оқытушылар мен ата-аналардың қатысуымен семинар өтті.

Кездесуде Департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында Агенттікпен бастау алған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Өзгерістерді Өзіңнен баста» «Адал жол» бағдарламаларын жүзеге асыруда болашағымыздың сыбайлас жемқорлықтан таза болатыны, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидасы мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру арқылы, жоғары деңгейге абыроймен жетуге болатындығын түсіндірілді.