Еліміздің халқының басым көпшілігі ислам дінін және христан дінін ұстанатынын білеміз. Кім қандай дінді ұстансын әркім өз дінінің құндылығын сақтап дінаралық татулықты нығайтып, бір-біріне құрметпен қарап, дінің рөлін қоғамда көрсете білуі керек. Алла тағала адамдарға дін жіберудегі мақсаты адамдардың бақытты өмір сүруі үшін. Олай болса кез келген дін сол елдің дамуына, тұрақтылығына жұмыс жасауы керек.
Арыс қаласының бас имамы бастаған қала,ауыл имамдары Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етіп, Түркістан облысының өкіл имамы М.Ақтамбердімен кездесті.
Келелі кездесу барысында, Өкіл имам М.Ақтамберді діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, дініміздің құндылықтарына кеңінен тоқталды. Халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Өңірдегі діни ахуал, дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп, тәжірбиелерімен бөлісті.