Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы Қ. Сағырбайұлы және А. Иманов мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Онда «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» – тақырыбында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбеков еліміздің Конституциясының 1 – бабының 1 – тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп атай келе, дін – мемлекетіміздің рухани тірегі дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының басты бағыттарына шолу жасап, түсінік беріп өтті. Сондай – ақ, қоғамда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, қызметкерлер мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастардың керағар ағымдардан сақтандырып, түрлі кеңестерімен бөлісті.