Дұрыс діни білім - ақиқат жолы

Қысқаша

Дұрыс діни білім - ақиқат жолы

15.jpg

Көптеген жастар кереғар діни ағымдардың зардабын біле бермейді. Кереғар діни ағымның жетегіне ергендер туған елін, туған жерін тастап, шет ел асып кетіп жатады. Шет елде олар заңсыз іс-әрекеттер жасауға мәжбүр болады. Нақтырақ айтсақ, теріс пиғылдылар олардың санасын улап, қылмыс жасауға мәжбүрлейді. Осының салдарынан олар елге орала алмай, ішқұса болады. Ең қиыны, олар өмірлерін бәске тігеді. Ертеңге күні аман қала ма, қалмай ма, бұл жағы беймәлім. Шет ел асып кеткен жастың ата-анасы оны іздеп, қайғыға беріледі. Сондықтан да, мұндай келеңсіз жайт орын алмас үшін, жастарға нақты діни бағыт-бағдар, дұрыс ақпарат берілуі тиіс. Сонда ғана олар ақиқат жолынан адаспайды.  

Осыған орай, бүгін Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен "Даму" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты медицина колледжінде "Түркістан қаласы тұрғындары арасында кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде дінтанушы, теолог мамандар Б.Өтеген мен Б.Нұриддинов қатысып, тұрғындарға кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілерде діни материалдар таратпау, діни экстремистік ұйымдардан сақтану керектігі жөнінде мағлұматтар беріп,кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуге колледж мұғалімдері, студенттер қатысты. Олар бұл кездесуден көптеген тың мәліметтер алып, өз жолдарын нақтылап алды