Отырарда 400 гектар суармалы жер ағын сумен қамтамасыз етілді

Қысқаша

Отырарда 400 гектар суармалы жер ағын сумен қамтамасыз етілді

17.jpg

Отырар ауданы, Аққұм ауылында атқарылып жатқан игі істер аз емес. Аққұм ауыл округінің әкімі Серік Әлшері есепті баяндамасында шаруалардың су тапшылығына қарамастан 4301 гектар жерге түрлі дақылдар егіп, өнім алғанын жеткізді. Ауылдық округте ірі қара және қой саны жыл санап арта бастаса, мал азығын дайындау ісі 109,3 пайызға артығымен орындалған. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.   

Бүгін Отырарда өткен Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы аудан орталығына шалғай орналасқан Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округі әкімдерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есептерін тыңдауға арналды.

Халқы ең тығыз қоныстанған Көксарай ауыл округінде мал басының барлық түрінен өсім артып, «Сыбаға» - 100 пайыз, «Құлан» - 105 пайыз, «Алтын асық» 101 пайызға артығымен орындалыпты. "Өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығымен қоса егіс көлемі де 793 гектарға ұлғайып, «Құдайберген» каналына 2 дана насос қою арқылы 400 гектар суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етуге қол жеткіздік",-дейді Көксарай ауыл округінің әкімі Әбдірахмен Мәуленқұл. 

Балтакөл ауыл округінің әкімі Жасұзақ Тәукебаев салық түсімдерінің барлық түрлерінен жоспарды артығымен орындап, өткен жылмен салыстырғанда 366 гектар суармалы жерді айналымға енгізіп, егіс көлемі 110,3 пайызға артқанын баяндады. 

–Сондай-ақ, ауылдық округте 5 тары цехы өнімді еңбек етуде. Ауылдарды абаттандыру жұмыстары аясында «Шатқал» іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 гектар жерге 5040 түп түрлі көшеттер отырғызылып, алдағы күндері қосымша 3 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылады, – дейді округ басшысы. 

Қоғамдық кеңес мүшелері ауыл әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді. Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауыл округтерінде атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылуы тиіс істерге тоқталып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.