"Ашық әкімдік" жүйесі - сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды

Қысқаша

"Ашық әкімдік" жүйесі - сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды

1540825916772259.jpg

Әкімдер неғұрлым елдімекендерді аралап, тұрғындармен тікелей байланыс орнатса, аймақ соғұрлым әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамиды. Себебі, кабинетінен шықпай отыратын әкімге өтірік ақпараттар жеткізілуі мүмкін. Осының салдарынан әкім өңірдің шын жағдайын білмейді. Ал, ер аралап жүрсе, ол ең бірінші кезекте өңірде қай жерде, қай салада кемшішіктер барын өз көзімен көреді. Және сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тосқауыл қойылады. Себебі, әкім аралағанда заңсыз нысандар, заңсыз іс-әрекеттерге нүкте қойылады. Заңсыз іс-әрекеттердің төркіні – сыбайлас жемқорлықта жатқаны баршаға белгілі. 

Жақында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолла халықпен кездесу үшін Келес ауданының Жамбыл және Бозай ауылдық округтеріне сапармен барды. 

Халықпен кездесу іс-шарасы билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайту, күнделікті мәселелердің дұрыс шешімін табу және ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен тұрғындарды таныстыру мақсатын көздеді. Кездесуге Келес аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Бахтияр Абдиев, жергілікті полиция қызметінің өкілдері мен басқа аудандық құрылым өкілдері қатысты.

– Көбінесе азаматтар табан тоздырып аудандық құрылым өкілдерінің жеке қабылдауына барады. Ал бұл іс-шарада аудандық құрылым өкілдері жұртшылықпен жүздесіп, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу үшін халықтың алдына өздері барады. Халыққа ашықтығымызды көрсететін бұл тәжірибені енгізіп отырмыз. Шара барысында бүгінгі таңда ауданда атқарылып жатқан іргелі істеріміз туралы жұртшылыққа жан-жақты ақпарат беруді мақсат қыламыз, - деді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев. 

Сондай-ақ аудан әкімі көше бойлары мен ашық дала жерлерінің тазалығын тұрақты сақтау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізулерін және жұмысты жандандыру керектігін тілге тиек етті. Шара шеңберінде тұрғындар тілегі тыңдалды. Түскен өтініштерге тиісті жауаптар берілді.